ҚАЗАҒЫМА
ҚАЗАҒЫМА

ҚАЗАҒЫМА

Иманды ел мұратқа жетеді анық,

Жаратқанның сынынан өтеді анық.

Алла заңын тәрк еткен азғын қауым,

Жер бетінен жойылып кетеді анық.

 

Құндылықсыз рухани азады адам,

Бойға сіңсе, жақсылық озады адам.

Нұхқа (а.с.) ермеген имансыз адамдарды,

Топан сумен Жаратқан жазалаған.

 

Тура жолға түспей жүр бауыр неден?

Данышпандар болды екен жауыр неден?

Худқа (а.с.) ермеген қауымды жаратушы,

Жоқ қылыпты алапат дауылменен.

 

Не кедергі адамға ойлауына?

Терең ойға шомуы, бойлауына?

Самуд елі Салихқа (а.с.) құлақ аспай,

Қара жердің кетіпті қойнауына.

 

Сол бір апат шығар ма ел есінен?!

Жаза алған күн Жаратқан егесінен.

Алла жойған имансыз Лұт (а.с.) қауымын,

Оттан жауын жаудырып төбесінен.

 

Пайғамбарлар халқы үшін өкініпті,

Тура жолға үндеуге бекініпті.

Шұғайбқа (а.с.) ермеген елді Алла,

Зілзаламен құрдымға кетіріпті.

 

Қожайын ғой аспанға, жерге Алла,

Күнге, айға, жасынға, желге Алла.

Ашаршылық апатын жіберіпті,

Ілиясқа (а.с.) ермеген елге Алла.

 

Иманды ел мұратқа жетеді анық,

Жаратқанның сынынан өтеді анық.

Алла заңын тәрк еткен азғын қауым,

Жер бетінен жойылып кетеді анық.

 

Одан әрі көгеріп, көктеу үшін,

Ешбір зиян ұрпағың шекпеу үшін.

Азғындықтан, қазағым, аулақ болшы,

Жер бетінен жойылып кетпеу үшін!.. 

Алпамыс ФАЙЗОЛЛА

Алпамыс ФАЙЗОЛЛААлпамыс ФАЙЗОЛЛА
9 жыл бұрын 3199
1 пікір
  • Алла сақтасын! Қазағым мангі жасасын. Пайғамбарлар тарихынан сыр шертетін жақсы өлең екен. Расында сол қауымдардың әрекетін қайталамау керек.
    9 жыл бұрын
Блог туралы